Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарды секс-құлдыққа сатқан күдікті Бахрейннен эсктрадацияланды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

"Оған Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жыныстық қатынастарға түсу мақсатында пайдалану үшін жіберуді жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан топты басқарған деген күдік келтірілуде", - делінген хабарламада.

Қылмыс жасалғаннан кейін З.Османова қылмыстық қудалау органдарынан жасырынды, сол үшін оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Еске сала кетсек, 2020 жылы ақпан айында Бахрейнде 20-дан астам қазақстандық бойжеткен сексқұлдықтан босатылған еді.

Кейінірек, Қазақстанның ішкі істер министрлігі Бахрейнде сексуалдық құлдықта болған қыздың сұхбатын жариялады. Бойжеткен өзге елде көрген қорлық-сұмдығын баяндаған болатын.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі тергеу бөлімінің басшысы Санжар Әділов Бахрейнде тағы алты қазақстандық әйел секс-құлдықтан босатылғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916225-qazaqstandyqtardy-seks-quldyqqa-satty-kudikti-baxreinnen-esktradaciyalandy/

pixel