Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Манура Ахметованың отбасы мен туыстарына көңіл айтты

Опубликовано:

Манура Ахметова
Манура Ахметова. Фото: oblmaslihat.pavlodar.gov.kz

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Манура Ахметованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Манура Ахметованың  дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

"Манура Мерғалиқызы өзінің ерекше талабы мен мақсаткерлігі, қарымды қабілеті мен қажырлы еңбегі арқылы кезінде қазақ әйелдері арасынан министрлік лауазымға дейін көтерілген, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған қайраткер тұлға болатын.
Ол еліміздің өсіп-өркендеуіне, әсіресе әлеуметтік саланың, мәдениет пен өнердің, білім беру мен ағарту ісінің дамуына көп еңбек сіңірді", – делінген жеделхатта.

Елбасы Манура Ахметованың  ғибратты ғұмыры ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге болып қала беретініне сенім білдірді.

Айта кетсек, Манура Мерғалиқызы 1938 жылы дүниеге келген. Павлодар облысы Қашыр ауданының тумасы, саясат және қоғам қайраткері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916242-elbasy-manura-axmetovanyn-otbasy-men-tuystaryna-konil-aitty/

pixel