Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі жасар қазақстандыққа бір миллиард теңгенің уколы салынды

Опубликовано:

Эмир
Фото: instagram.com/emir_sma_aksay

Батыс Қазақстан облысында тұратын балақайға бір миллиард теңгенің көптен күткен уколы салынды. Эмирдің ата-анасы қуанышты жаңалықтарын Instagram парақшасында жеткізген.

"Ақыры осы күнге жеттік! Эмир өзінің Zolgensma уколын салдырды. Күту біз үшін ұзақ әрі қиын болды. Бірақ біз ештеңеге қарамастан күттік. Эмир Қазақстанда бірінші болып Zolgensm препаратының гендік терапиясын алды.

Бізге көмектесіп, ұзақ уақыт бойы қолдау көрсеткендердің бәріне алғысым шексіз. Сыйлаған үміттеріңіз үшін әрбіріңізге рақмет! Біздің қазір не сезініп жатқанымызды сөзбен айтып жеткізу қиын! Бірақ біз шексіз бақыттымыз және осы күнге ризамыз. Барлық балаға көптен күткен емін алуын тілейміз!", - деп жазды бүлдіршіннің ата-анасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Эмирге "жұлын бұлшықетінің атрофиясы" диагнозын қойылғанын жазған едік.

"Жұлын бұлшықетінің атрофиясы" - генетикалық ауру яғни бұлшық еттердің зақымдануы. Дерт салдарынан адам қол-аяғын, басын да көтере алмауы мүмкін екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916250-eki-zasar-qazaqstandyqqa-bir-milliard-tengenin-ukoly-salyndy/

pixel