Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда такси ұстап тұрған үш адамды көлік қағып кетті (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: Instagram/kris_p_almaty

Алматыда ер адам жолдың жиегінде тұрып, такси ұстап тұрған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиға Ташкент даңғылындағы "Алтын Орда" базарының маңында сенбі күні кешке болды.

Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі батыс бағытта жол бойымен келе жатқан. Сауда орталығына жетпей, ол жол жиегінде тұрып такси ұстамақшы болған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Түрлі дене жарақатын алған үш адам жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Ал жүргізуші медициналық тексеруге жіберілді. Тексеру нәтижесі бойынша оның "жеңіл дәрежеде" мас екені белгілі болды. Сондай-ақ оның есірткі қолдану фактісі де расталды.

Алматы полиция департаментінің тергеушілері мен криминалистері істі тергеп жатыр.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916290-almatyda-taksi-ustap-turgan-us-adamdy-kolik-qagyp-ketti-video/

pixel