Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда үш жерде жалған ойын терминалдары анықталды

Опубликовано:

Ойын автоматтары
Көрнекі фото: Noel Hendrickson / Getty Images

Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қарағандыда заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған үш орынның қызметін тоқтатты деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайты.

Агенттіктің хабарлауынша, заңсыз айналымнан 6 ойын терминалы тәркіленіп алынды. Ұйымдастырушылар оларды ұлттық лотерея операторының терминалдары түрінде тыйым салынған ақылы құмар ойындарын ұйымдастыру үшін қолданған.

Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, қаржылық мониторинг агенттігі ұлттық оператор ел аумағында өзінің терминалдары арқылы ұтыс ойынын өткізу құқығына ие екендігін еске салды. Олар сарғыш-көк түсті. Міндетті түрде логотип, нөмір және QR-код болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916298-qaragandyda-us-zerde-zalgan-oiyn-terminaldary-anyqtaldy/

pixel