RU

Батыс Қазақстанда қызметтік көліктер таксиге айналмақ

Такси көлігі
Көрнекі фото: Pexels.com

Батыс Қазақстан облысында қызметтік көліктер таксиге айналмақ. Бұл туралы өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Ғали Есқалиев Facebook-тегі парақшасында жазба жариялап, «Ақжайық» ӘКК» АҚ алматылық компаниялардың бірімен бірлескен кәсіпорын құру жөнінде келісімге келгенін хабарлады.

"БҚО әкімдігі қолданыстағы автокөліктерді бірлескен кәсіпорынға береді. Ал жеке инвестор жаңа көліктер сатып алып, жайлы такси қызметін ұсынады.Менің ойымша, көлік жалдау ағымдағы пайдалану, жөндеу шығындарынан да арзан болады. Нәтижесінде мемлекет автокөлік сатып алудан бас тарту арқылы қыруар қаражатты үнемдейді. Сонымен бірге қалада жаңа такси қызметі пайда болады. Осылайша, президенттің қызметтік көліктерді сатып алу құнын төмендету туралы тапсырмасы орындалады" , - деп жазды өңір басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916302-batys-qazaqstanda-qyzmettik-kolikter-taksige-ainalmaq/