Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда тұрғынының 2 млн теңгесін қолды қылған алаяқ ұсталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қызылордада зардап шегушінің 2 миллион теңгесін қолды қылған деген күдікпен тұрғындардың бірі ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, облыс орталығының тұрғыны үй иесінен "үйдің баспалдағын жасап беретініне" сендіріп, 2 миллион теңгеден астам ақшасын алған. Бұл оқиға былтыр болса да келісілген уәде орындалмаған.

Үй иесі уәдесін орындамаған тұрғынның үстінен шағымданып, полицияға жүгінді. Шағым бойынша облыстық полиция департаментінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты "ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Онда алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену жағдайы көрсетілген.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда 280 адам қаржы пирамидасына алданып қалғанын жазған едік. "Лидер Капитал 168" атты ұйым "өсіммен қайтарамыз" деп жұрттан қомақты қаржы жинап алған. Шығын көлемі 80 млн теңгеден асады.

Алаяқ фирманының әрекетін Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті әшкереледі. Ұйымдастырушы әйел қаржылық ұйымды былтыр ашып, бизнесін жеке пәтерде жүргізген. Айғақ заттар дәл осы үйден тәркіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916341-qyzylordada-turgynnyn-2-mln-tengesin-qoldy-qylgan-alayaq-ustaldy/

pixel