Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада ойын алаңында жүрген баланың қолы темірге қысылып қалды (видео)

Опубликовано:

Балақай
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда ойын алаңында ойнап жүрген бала қолына темір зат киіп, шығара алмай қалды. Бұл туралы елорданың төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кезекті шақырту кезінде кәсіби және мұқият жасаған іс-әрекетінің арқасында баланың қолын аман алып қалды. Ойын алаңында жүрген бала қолына темір зат киіп, сосын қайта сыртқа шығара алмай қалған.

Темірдің тесігі өте тар болғандықтан және тесіктер бір-біріне өте жақын орналасқандықтан оны өз бетінше шешу мүмкін болмапты.

"Бірақ біздің құтқарушыларымыздың кәсіби әрі жедел іс-әрекетінің арқасында аз уақыт ішінде баланың қолы аман-есен темірден шығарылып, құтқарылды", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысы Приозерск қаласында құтқарушылар металл дуалдың арасында басы қысылып қалған қыз баланы құтқарып қалғанын жазған едік.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға ойын барысы кезінде болған.

"2017 жылы туған қыз бала басын металл шарбақтардың арасына кіргізген. Салдарынан бала не алға, не артқа шыға алмаған. Ересектер де қыз балаға өз бетінше көмектесе алмағандықтан, құтқарушыларды шақырды. Гидравликалық құралды пайдалана отырып, Қарағанды облысы ТЖД №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары темір шарбақты кесіп, баланы құтқарып қалды", - дейді Қарағанды облысының ТЖД.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916348-elordada-oiyn-alanynda-zurgen-balanyn-qoly-temirge-qysylyp-qaldy-video/

pixel