RU

КВИ жұқтырғандар өзін-өзі оқшаулау режимін қасақана бұзса, 87 мың теңге айыппұл төлейді

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

10 маусымнан бастап коронавирус жұқтырғандар өзін-өзі оқшаулау режимін қасақана бұзса, 87 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелетін болады. Жаңа ережелер туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті COVID-19-дың таралуына жол бермек жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

"Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Денсаулық сақтау министрлігінің КВИ-ға шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекіткендігін хабарлайды. Осы талаптарды орындамағаны үшін азаматтарға әкімшілік жаза қолданылатын болады. Ережелер 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енеді", - делінеген хабарламада.

Министрлік бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасы арқылы анықталатын болады.

Осылайша, Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық нысандарға кіру кезінде анықталған "қызыл" мәртебесі бар адамдар назарға алынатын болады. Дәлірек айтқанда, карантиндегі науқас адамның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы Әкімшілік кодекстің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазаны қолдануға себеп болады.

Егер науқас өзінің КВИ-ға шалдыққанын біле тұра, оқшаулану режимін бұзып, айналасындағы адамдарға қасақана қауіп төндірсе, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

Ashyq платформасының жүктемелеріндегі мәліметтер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықтарды карантиндік талаптарды сақтауға шақыруда.

Комитет әкімшілік айыппұлдар КВИ сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын бақылауға алуға мүмкіндік береді деген үмітте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916377-kvi-zuqtyrgandar-ozin-ozi-oqsaulau-rezimin-qasaqana-buzsa-87-myn-tenge-aiyppul-arqalaidy/