RU

ДСМ коронавирус жұқтырған қанша науқастың жағдайы ауыр екенін айтты

Аурухана1
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға қатысты мәліметті жаңартты деп хабарлайды ведомствоның telegram арнасы.

7 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 600 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 8 724 пациент стационарда, 15 876 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Сонымен бірге, ауру жұқтырғандар арасында 579 адамның жағдайы ауыр, 120 пациенттің жағдайы өте ауыр, тағы 78 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін өткен тәулікте 989 қазақстандықтың коронавиррус жұқтырғанын жазған едік.

Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Қарағанды облысында тіркелген.

Айта кетсек, коронавиус жұқтыру қарқыны бәсеңдеп, Қазақстан "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өткен болатын.

7 маусымдағы жағдай бойынша:

  • "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы тұр.
  • "Сары" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары бар.
  • Ал "жасыл» аймаққа Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енген.

Сонымен бірге, коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 адам қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916389-dsm-kornavirus-zuqtyrgan-qansa-nauqastyn-zagdaiy-auyr-ekenin-aitty/