RU

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 адам қайтыс болды

аурухана
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы соңғы тәулікте неше адамның өмірін жалмағанын хабарлады.

coronavirus2020.kz басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, 5 маусымдағы жағдай бойынша елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 21 дерегі және 2 өлім жағдайы тіркелген.

Ал емделіп шыққандардың саны 17 адам.

"1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 55804, 933 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51518 жетті" делінген хабарламада.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігі 5 маусымда Қазақстанда коронавирустан 19 адам көз жұмғанын жеткізді.

Айта кетейік, Өткен тәуліктерде Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеді. Осының арқасында республика "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті.

7 маусымдағы жағдай бойынша: "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы тұр. "Сары" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Ал "жасыл» аймаққа Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916393-qazaqstanda-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-bir-taulikte-21-adam-qaitys-boldy/