RU

Алматыдағы көшелердің бірінде жаз бойы көлік қозғалысына шектеу қойылады

Жөндеу
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда 2021 жылдың 8 маусымынан бастап 1 қыркүйегіне дейін Экспериментальная база көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, уақытша шектеулер осы көшедегі жолдың астында орналасқан магистральдық құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты.

Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылатын жазған едік.

"Райымбек даңғылы бойындағы (Рысқұлов даңғылының бойы – Емцов көшесінен Тілендиев көшесіне дейін) жол жұмыстарына байланысты 4 маусым түнгі сағат 23:00-ден 5 маусым сағат 06:00-ге дейінгі аралықта жол ішінара жабық болады",- деп мәлім етті Алматы қалалық Мобильділік басқармасынан.

Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.

Айта кетейік, 2022 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

"Келесі жылы біз ұшу-қону жолағын жөндеу және қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Енді жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге келісімшарт жасасамыз. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында жөндеудің өзіне, сондай-ақ жөндеудің уақыты мен көлеміне қарай талап етілетін сома нақтыланатын болады", - деді елордалық әуежайдың атқарушы директоры Дәулет Хамзин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916404-almatydagy-koselerdin-birinde-zaz-boiy-kolik-qozgalysyna-sekteu-qoiylady/