Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әуежайына келгендер ашуға мінді (видео)

Опубликовано:

әуежай19
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуеметтік желіде Шымкент әуежайында түсірілген видео пайда болды. Кадрда жолаушылардың төлқұжат тексеруді тек екі шекарашының жүргізгеніне наразы екені бейнеленген. Ал әуежайға шамамен 200 адам ұшып келген. Бұл жайтқа қатысты әуежай әкімшілігі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео авторының сөзінше, Шымкент әуежайында төлқұжатты тексеру алаңында шамамен 200-ге жуық адам болған. Адамдардың көңіл-күйіне ұзын-сонар кезек, жолдан шаршау әсер еткен.

Бейнежазбада жолаушылардан сабыр сақтауын өтінгені естіледі. Алайда бұл сөзге олар құлақ аспаған.

"Қайдағы сабыр?", - дейді әйелдердің бірі.

"Шымкент әуежайында абыр-сабыр, тіркелуге екі сағат, багаж жоқ, бұл шектен шыққандық", - дейді видео авторы.

Жағдайға қатысты әуежай әкімшілігі пікір білдірді.

Мекеме 7 маусым күні таңғы сағат 4-те "Pegasus Airlines" әуе компаниясының Стамбұл-Шымкент бағытындағы №PC224 рейсі ұшып келген. Бортта 178 жолаушы болған.

"Сағат 04:11-де жолаушылар ұшып келу залына жеткізілді. 04:27-де багаж жеткізілді. Содан кейін жолаушылар төлқұжаттық бақылаудан өтуі керек еді. Аталған процедураны жүргізу Шекара қызметінің құзыретіне кіреді. Төлқұжаттық бақылау процедурасын жүзеге асыру үшін 5 кабина жасақталған. 05:46-да ұшып келу залы бос болды", - дейді Шымкент әуежайы.

Еске сала кетсек, бұған дейін 2022 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916438-symkent-auezaiyna-kelgender-asuga-mindi-video/

pixel