Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 14 жастағы қыз іздестірілуде

Опубликовано:

жоғалды
Фото: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы Жетісай ауданында 14 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Жасөспірім 4 маусым күні үйінен белгісіз бақытқа шығып кетіп, қайта оралмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мектеп оқушсының жоғалып кеткені жайлы Жетісай ауданының жергілікті тұрғыны Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданғаннан кейін белгілі болған.

"Аталған фактіні бірден Жетісай АПБ тіркеуге алды. Қазіргі таңда ЖПҚ УПИ-мен жасөспірім қызды тез арада табуға байланысты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Жетісай ауданының әкімшілігі қызметкерлерімен бірге мобильді топ құрылып, іздестіру жұмыстары жан-жақты жүзеге асырылуда", - дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жоғалып кеткен жасөспірімді іздеу жұмыстарына құзырлы органдармен бірге еріктілер де жұмылдырылған.

Полиция Түркістан облысының барлық тұрғындары мен қонақтарынан жоғалған қызды табуға көмектесулерін сұрайды.

Жасөспірімнің үстінде ақ түсті футболка, қара джинсы шалбар және аяғында қара түсті аяқ киім қолында қара түсті "Самсунг Дж-2" маркалы ұялы телефоны болған. 

"Егерде қандай-да бір ақпарат немесе мәлімет білсеңіз бірден Жетісай АПБ-ның кезекшілік нөміріне 8 725 346 70 20 немесе полицияның 102 телефонына хабарласыңыз", - дейді ведмоство өкілдері.

Еске сала кетсек, осыған дейін Түркістанда жоғалып кеткен бір үйдің 4 баласы табылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916475-turkistan-oblysynda-14-zasar-qyz-eki-kunnen-beri-tabylmai-zatyr/

pixel