RU

Түркістан облысында карантинге қарамастан түлектер кешін ұйымдастырғандар анықталды

Той
Фото: Түркістан облыстық ПД

Түркістан облысында карантинге қарамастан түлектер кешін ұйымдастырғандар анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісай АПБ-ның учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Еркебұлан Абубакиров мобильді топпен кезекті тексеріс кезінде С.Қожанов көшесінің бойында орналасқан мейрамханадағы салтанатты кештің үстінен түскен.

Онда ауданға қарасты ауыл мектептерінің бірінің 11-сынып түлектері салтанатты кеш ұйымдастырып жатқан. Осылайша, тәртіп сақшылары ата-аналар мен ұстаздар, мектеп бітіруші оқушылар, жалпы 50-ден астам қонақ жиналған кешті тоқтатқан.Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Анықталған жайтқа қатысты тойхана иесі мен ұйымдастырушыға ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтық санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша" іс – құжаттар жинақталып, шара қабылдау үшін Жетісай ауданы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Одан бөлек, полицейлер аудан көлемінде барлық мейрамхана мен тойхана, ойын-сауық орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл індетті арақашықтықты сақтап, бетперделік режимді сақтағанда ғана жоюға болатынын жеткізген.

Түркістан облысы полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жауапқа тартылатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916481-turkistan-oblysynda-karantinge-qaramastan-tulekter-kesin-uiymdastyrgandar-anyqtaldy/