Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вакцинадан кейін аяқ-қолы тартылып қалды": Тексеру жұмыстарының нәтижесі белгілі болды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев вакцинадан кейін аяқ қолы тартылған акушерге қатысты негізгі комиссия жұмысын аяқтағанын айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Басқарма басшысының сөзінше, тексеріс барысында акушердің жағдайы мен вакцинация арасында тікелей байланыс болмағаны анықталған.

"Комиссия оның жағдайын қорқу реакциясы ретінде бағалады. Деректердің толық қорытындысын күтеміз. Ол үйінде ата-анасының бақылауында", - дейді Нариман Табынбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азаматшаның аяқ-қолы тартылып қалғаны туралы видео тараған болатын.

Кейін оның перинатология және балалар кардиохирургия орталығының акушері екені анықталды.

Ол вакцинаны 29 сәуірде салдырған, көп ұзамай құрысу симптоматикасы болып, емханаға жүгінген.

Ал бұған қатысты сол кезде пікір білдірген қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы бұл жағдайдың вакцинаға қаншалықты қатысы бар екенін анықтау үшін комиссия құрылатынын айтқан еді.

Сонымен қатар, Нариман Табынбаев акушер жұмыс істейтін медицина мекемесінің басшылығы оны вакцина салуға мәжбүрлемегенін, қызметкерді вакцина салдырмағаны үшін ешкім жұмыстан шығара алмайтынын атап өткен болатын.

Оның сөзінше, дегенмен адам перзентханада жұмыс істейтін болғандықтан басқаларға қауіп төнбеу үшін бірінші болып вакцина салдыру керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916485-vakcinadan-keiin-ayaq-qoly-tartylyp-qaldy-tekseru-zumystarynyn-natizesi-belgili-boldy/

pixel