RU

Бекшин: Субұрқақтар коронавирустың таралу қаупін тудырады

Субұрқақ
Фото: InAlmaty.kz

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин субұрқақтар коронавирустың таралу қаупін тудыратынын айтты деп жазады zakon.kz.

Бекшиннің сөзінше, субұрқақтар тек коронавирус емес, басқа да ауруларды жұқтыру қаупін тудырады.

Оған бірнеше жыл бұрын болған жайт мысал бола алады. Қаланың бас санитарлық дәрігерінің сөзінше, осыған дейін субұрқақта шомылу салдарынан қалада паразиттік аурулар таралған.

"Субұрқақта шомылу тек субұрқаққа ғана емес, шомылып жүргендерге де зиянын тигізеді. Тұман тәрізді әсері бар субұрқақтар ерекше қауіпті. Пандемия уақытында олардың жұмысы тоқтатылады", - дейді Жандарбек Бекшин.

Мәселен, жақында Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында пайда болған тұман тәріздес субұрқақ адамдар көп жиналуына байланысты иесінің шешімімен жабылған.

Бекшин Жасыл экономика басқармасы енді субұрқақтар жанына шомылуға тыйым салатын белгілер қоятынын атап өтті. Сонымен қатар, субұрқақтар тыйым салынбаған дезинфекциялық құралдармен күнделікті тазартылып тұрады. Алматыдағы субұрқақтардың жұмысын тек санитарлық дәрігерлер ғана емес, жергілікті атқарушы органдар да бақылауға алды.

Одан бөлек, алдағы уақытта Алматыда саябақта, адамдар көп жиналатын орындарда, базарларда маскалық режимді бақылау күшейтілмек.

Аталған орындарға тек маскамен ғана кіруге рұқсат етіледі. Саябақтарда санитарлық патрульдер жұмысын бастайды, сондай-ақ, мониторингтік топтың жұмысы қайта жанданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916496-beksin-suburqaqtar-koronavirustyn-taralu-qaupin-tudyrady/