Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік бірінші сынып оқушылары үшін қандай өзгеріс болатынын хабарлады

Опубликовано:

сынып
Фото: Sputnik / Стрингер

Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Қаринова жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушыларының білімі қалай бағаланатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шолпан Каринова 2020 жылдан бастап бірінші сынып оқушыларына баға қоймау туралы шешім қабылданғанын еске салды. Алайда бұл пандемия кезінде қашықтан оқыту форматына ауысумен байланысты емес.

Оның сөзінше, шешім шектеу шараларының шарттарымен сәйкес келген.

"Шын мәнісінде болашақта бірінші сынып оқушыларына баға қойылмайды. Бұл мәселеге қатысты әлемдік тәжірибе де зерделенді. Көптеген жетекші дамыған елдер осылай жұмыс істейді", - деді білім және ғылым министрінің орынбасары.

Шолпан Каринованың сөзінше, бүлдіршіндер үшін критериалды бағалау жүйесі енгізілмек. Ол формативті (күн сайынғы жетістіктер) және жиынтық (бөлімдер мен тоқсан бойынша) бағалаудан тұрады.

"Биыл қашықтан оқыту басталғанда, ата-аналар көру үшін балалардың күн сайынғы жетістіктерін тіркеп отырдық. Сол себепті ережелерге өзгеріс енгізілді: күн сайын баллмен бағалау. Бұл дәл биылғы оқу жылының ерекшелігі еді", - дейді ол.

Ата-аналарды, балалар мен мұғалімдерді бағаның өзі емес, оқу жетістіктері –оқушылардың білімі қаншалықты өскені қызықтыруға тиіс, деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916509-ministrlik-birinsi-synyp-oqusylary-usin-qandai-ozgeris-bolatynyn-xabarlady/

pixel