Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан "жасыл" аймақта: ДСМ карантиндік шектеулерді қашан жеңілдететінін айтты

Опубликовано:

Тұрғын
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жақында еліміз коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "жасыл" аймаққа өткен болатын. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі елдегі карантиндік шектеулер қашан жеңілдетілетінін айтты деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Қазақстанның "жасыл" аймаққа өтуі елде жақын арада карантиндік шектеулерді жеңілдетуі мүмкін екендігін аңдатады.

Десе де министрлік шектеулерді жеңілдету үшін бірқатар шарттар орындалуы қажет екенін алға тартты.

Нақтырақ айтсақ, еліміз осы аптаның аяғына дейін, яғни қатарынан бес күн бойы "жасыл" аймақта қалуы тиіс. Сонда ғана шектеулерді жеңілдету мәселесі қаралатын болады.

"Егер бес күннің ішінде Қазақстан территориясындағы жағдай тұрақты болса, карантиндік шектеулерді жеңілдету мәселесі қаралатын болады", - дейді денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-​эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Айта кетейік, елімізде 10 маусымнан бастап COVID-19 дертін жұқтырған науқастарға қатысты шаралар күшейтіледі. Енді ондай науқастар қоғамдық орындарда бой көрсететін болса, қомақты айыппұл арқалайды.

Министрлік бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасы арқылы анықталатын болады.

Егер науқас өзінің коронавирус жұқтырғанын біле тұра, оқшаулану режимін бұзып, айналасындағы адамдарға қасақана қауіп төндірсе, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде айыппұл салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916541-qazaqstan-zasyl-aimaqta-dsm-karantindik-sekteulerdi-qasan-zenildetetinin-aitty/

pixel