Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің атым - Қазына": Шымкентте тұрған америкалық әйел қазақ тілін екі жарым жылда үйреніп алған (видео)

Опубликовано:

Америкалық әйел
Видеодан кадр: Тіл майданы/ Тik-tok парақшасы

АҚШ-тан келген әйел қазақ тілінде анық сөйлей алатынын көрсетіп, желі қолданушыларын таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақша таза сөйлеп тұрған шетелдіктің видеосы "Тіл майданы" Тик-ток парақшасында жарияланды.

Америкадан келген әйел қазақ тілін Шымкентте тұрғанда үйреніп алғанын айтады.

Қазір Алматыда тұрып жатқан келіншек видеода өзін Қазына, ал баласын Құдайберген деп таныстырды. Ол еліміздегі екі мегаполис Шымкент пен Алматыны салыстырды.

"Мен Шымкентте тұрдым, екі жарым жыл. Шымкент пен Алматының көп айырмашылығы бар, бірақ мен үшін Шымкент жақсы", - дейді америкалық қонақ.

Қазына неліктен өзіне Шымкент ұнағанын да айтты.

"Шымкентте өмір асықпай өтеді, адамдары ашық, қонақжай. Кептеліс аз. Арзан қала. Бәрі қазақша сөйлейді. Орысша сөйлейтіндер бар әрине, бірақ Шымкентте көп орыс қазақша сөйлей алады. Алматыда ондай емес. Бірақ Алматы үлкен қала. Орысша керек", - дейді ол.

Видеоға байланысты желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі америкалық қонақтың қазақ тілін меңгеріп алғанына таңданып, оған рахмет айтса, бірі өзге ұлт өкілінің қазақша білуінде тұрған ештеңе жоқ деген ойда.

"11 сынып оқып, ағылшынша үйрене алмадым, бұл кісі 2,5 жылда қазақшаны үйреніп алыпты", "Рахмет, тілімізді сыйлап, үйренгеніңе, өте қуаныштымын! Шымкент расында да өте мейірімді қала", "Жарайсың, Қазына. Қазақшаң супер!", - дейді пікір білдірушілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916555-menin-atym-qazyna-symkentte-turgan-amerikalyq-aiel-qazaq-tilin-eki-zarym-zylda-uirenip-aldy-video/

pixel