RU

Қазақстандық арудың әпкесі бейіт басындағы видео үшін соққыға жығылғаны рас па: Полиция жауап берді

Ұялы телефон
Көрнекі фото: byrich.ru

Таразда бейіт басында TikTok түсірген бойжеткен Қарағандыда әпкесін әлдекімнің соққыға жыққанын айтты. Алайда полиция бұны жоққа шығарды деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полиция қызметкерлері "таяқ жеген" азаматша бейнеленген видеоны байқаған.

"Жазбада белгісіз бойжеткен түсініктеме берген. Ол Таразда екенін, мұсылмандар зиратында видео түсіріп, өзінің TikTok парақшасында жариялағанын жеткізді. Осы әрекеті үшін оған белгісіз адамдар қоқан-лоққы көрсете бастаған, салдарынан Қарағандыда тұратын үлкен әпкесі зардап шеккен, оны үйдің кіреберісінде әлдекім соққыға жыққан", - дейді Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл фактіні полиция тіркеуге алып, мән-жайды анықтаған. Тәртіп сақшылары "соққыға жығылды" деген Қарағанды ​​қаласының 20 жастағы тұрғынын да тапқан.

"Әлеуметтік желілердегі "бойжеткен дене жарақаттарын алды" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол жарақатты Тараздағы видео түсірілместен бұрын алған. Ал 18 жастағы сіңлісі әпкесіне ескертпестен суреттері мен видеоларын пайдаланған. Бойжеткен ешкімге шағымданбайтынын айтып, арыз жазудан бас тартты", - дейді полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916621-beiit-basynda-tiktok-tusirgen-otandyq-bloger-osy-areketi-usin-apkesinin-soqqyga-zygylganyn-aitty/