Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында үш күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы қыз табылды (фото)

Опубликовано:

Қыз
Фото: Полиция департаменті

Түркістан облысының полицейлері үш күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы қызды тапты деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірім жетінші маусымнан сегізінші маусымға қараған түні шамамен сағат 01:30-да Шымкент қаласындағы мөлтек аудандардың біріндегі құрылысы аяқталмаған үйден табылған.

Еске салсақ, төртінші маусым күні Жетісай аудандық полиция бөліміне 14 жастағы жасөспірімнің анасы келіп, қызының жоғалып кеткенін айтып, арызданған болатын.

Осыдан кейін жасөспірімді іздеуге аудандық полицейлерден бөлек, Түркістан облысы полиция департаментінен тәжірибелі полицейлері - криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылған еді.

Сонымен қатар, жасөспірімнің жоғалғаны туралы әлеуметтік желіде хабарланып, жақын аймақтардың барлығына қыздың айрықша белгілері бойынша мәліметтер жіберіліп, іздестірудің аумағы кеңейтілген.

Іздестіруге жұмылдырылған тәртіп сақшылары облыстағы салынып жатқан тұрғын үйлер, қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыс алаңдарын тексерген. Тіпті, Шымкент қаласындағы қыздың баруы мүмкін деген орындар да мұқият тексерілген. Жасөспірімінің дін аман табылуы үшін қажетті шаралардың барлығы қарастырылып, атқарылған.

Осылайша үш күн қатарынан жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде, 14 жастағы қыз аман есен табылып, отбасына қайтарылып отыр.

Қазіргі таңда полицейлер қыздың отбасына айтпастан үйінен шығып кетуінің себебін анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916624-turkistan-oblysynda-us-kun-buryn-iz-tuzsiz-zogalyp-ketken-14-zastagy-qyz-tabyldy-foto/

pixel