Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда өз көлігін сатып, оны қайтадан ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Ер адам көлік айдап бара жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада көлігін өзге біреуге сатып, оны жаңа иесінен қайтадан ұроап кеткен ер адамның қылмысы әшкере болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

KIA Rio автокөлігінің иесі көлігінің ұрланғанын айтып, полицияға шағым түсірген. Сөзінше, ол түнде көлігін кілттеп, далада қалдырған. Алайда таңертең оның көлігі жоғалып кеткен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, бейнебақылау камераларының жазбасын тексерген. Таңғы сағат 5 шамасында күдіктінің көлікті кілтпен ашып, айдап әкеткенін анықтаған. Құқық қорғаушылар күдіктінің жеке тұлғасын анықтады. Ол көліктің бұрынғы иесі болып шыққан.

"Көлікті сатқаннан кейін ер адам тағы бір кілтті өзіне алып қалған. Ол көліктің жаңа иесінің мекенжайын да анықтап алған. Автокөлікті айдап әкеткен соң, күдікті көлікті жалдамалы гаражда қалдырып, кейіннен басқа өңірге жолға шыққан", – деді полицейлер.

Көлік ұрлау фактісі бойынша келтірілген шығын көлемі екі миллион теңгеден асты.

Елорданың полиция қызметкерлері ұзақ іздеуден кейін Қостанайда күдіктіні қолға түсірген. Көліктің бұрынғы иесі өзінің кінәсін толық мойындаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін түркістандық полицейлер велосипед пен самаурын ұрлаған күдіктіні ұстағанын жазған едік.

Қазіргі уақытта аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916637-nur-sultanda-oz-koligin-satyp-ony-qaitadan-urlap-ketken-er-adam-ustaldy/

pixel