Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Томирис Байсафаның ісіне қатысты үкім шығарды (видео)

Опубликовано:

Томирис Байсафа1
Томирис Байсафа. Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna

Сот қазақстандық Томирис Байсафаның өліміне күдікті азаматты ақтау үкімін жариялады. Муртузали Меджидовты бұған дейін алқабилер де ақтап шыққан еді.

"Бүгін Мәскеу мемлекеттік халықаралық істер институтының студентін өлтірді деген күдікке ілінген Дағыстан үкіметінің экс-басшысының ұлына қатысты үкім жарияланды. Муртузали Меджидовты сот залында қамаудан босатты" ,- деп хабарлады "112" Telegram-арнасы.

Еске салсақ, 2018 жылдың 3 мамырында Мәскеуде университет ғимаратынан құлаған қазақстандық студент Томирис Байсафа қайтыс болған еді.

Ресей тарапы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Сонымен қатар, тергеу органдары марқұмның өзіне қол салуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырды. Алайда Томирис Байсафаның анасы өмірге құштар қызының өзін өлтіруі мүмкін емес екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, қазақстандық арудың өліміне қатысты істе Дағыстанның бұрынғы премьерінің ұлының есімі де аталған еді. Олардың жақын қарым-қатынаста болғаны да айтылды. Кейін одан жауап алынғаны да хабарланды.

Ал 2020 жылдың 28 шілдесінде Муртузали Меджидовтің ұсталғаны белгілі болды. Ресейдің тергеу комитеті оған қатысты 105-бап бойынша ("Кісі өлтіру") қылмыстық іс қозғады. Кейін ол қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916652-sot-tomiris-baisafanyn-isine-qatysty-ukim-sygardy-video/

pixel