Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада болған алапат өрт 36 мотоциклді күлге айналдырды

Опубликовано:

1
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда 36 мотоцикл өртеніп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 маусым күні сағат 11:54-те елордалық өрт сөндірушілер Герцен көшесінде орын алған өртті сөндіруге шықты.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Сағат 12:02-де мотоцикл сататын дүкеннің іргелес аумағында 15 шаршы метрде 36 дана мотоцикл мен 1 дана қарда жүретін техниканың жанып жатқандығы анықталды.

1
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілді. Сөндіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1916688-elordada-bolgan-alapat-ort-36-motocikldi-kulge-ainaldyrdy/

pixel