Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртановты қорғауға кедергі келтірген: Денсаулық сақтау министрлігіне айыппұл салынды

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Нұр-Сұлтанда өткен онлайн сот отырысында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үйқамақта ұстау мәселесі кезекті мәрте қаралды. Оның адвокаты экс-министрді қорғауға кедергі келтіргені үшін сот Денсаулық сақтау министрлігіне айыппұл салғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Біртановтың адвокаты Серік Сағалиевтің сөзінше, экс-министрді қорғауға оның кінәсіздігі туралы дәлелдерді жинай алмау кедергі келтіріп отыр.

"Министрлік Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілген адвокаттардың сауалына жауап бермейді, кейіннен платформаның заттай дәлел ретінде танылғандығына сілтеме жасай отырып, жауап беруден мүлдем бас тартты. Ал қорғаушы платформаның өзін немесе оған қол жеткізуді сұраған жоқ, толыққанды қорғауды жүзеге асыруға қажетті құжаттардың көшірмесін сұрады", - дейді адвокат.

Құжаттарды ұсынудан бас тартқаннан кейін қорғаушылар елорданың әділет басқармасына адвокаттардың қызметіне кедергі келтіру фактісі бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты әкімшілік хаттама жасау туралы өтінішпен жүгінген.

Хаттама сотқа жолданып, сот Денсаулық сақтау министрліне айыппұл салу туралы қаулы шығарған.

"Хаттаманы қарау нәтижесі бойынша 2021 жылғы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Денсаулық сақтау министрлігін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 668-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты және 40 813 теңге айыппұл салынды.
Осылайша, бұл істе дәлелдемелер жинау кезінде қорғауға кедергі келтіру фактісі әкімшілік соттың шешімімен анықталды", - дейді қорғаушы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасын күшінде қалдырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916697-birtanovty-qorgauga-kedergi-keltirgen-nur-sultan-soty-densaulyq-saqtau-ministrligine-aiyppul-saldy/

pixel