Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да бір үй екі рет өртеніп, үй иесі мерт болды

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Көрнекі фото: NUR.KZ

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп, 48 жастағы ер адам қаза тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 7 маусым күні М.Жұмабаев ауданы Булаев қаласында болған. Сағат 17.00 шамасында 101 қызметіне Чкалов көшесіндегі 38 үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама түседі. Өрт жатын бөлмеден шыққан екен, баспананың қабырғаларына, жиһазға зақым келді.

Үйіндінің астынан сол үйдің иесі – 1972 жылы туған ер адамның денесі табылды. Ер адам ішімдікке жақын болған. Алдын ала болжам бойынша, керуетте жатып, шылым шегуі мүмкін.

"Бұл үйде 26 мамыр күні де өрт шықты. Салдарынан баспананың және қора-қопсының шатыры жанып кетті. Өрт сол жолы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан еді", - дейді СҚО ТЖД басқармасының басшысы Дмитрий Растихин.

Жалпы жыл басынан бері СҚО-да 31 адам өртте мерт болды. 34 адам түрлі дене жарақатын алды. Келген шығын мөлшері 143 млн теңге шамасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1916717-sqo-da-bir-ui-eki-ret-ortenip-ui-iesi-mert-boldy/

pixel