Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам қаза тапты

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: "Ақ Жайық" басылымы

Ақтөбеде жеңіл көлік жүк көлігіне жол бермей, оқиға орнында үш адам көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 16:00-де "ВАЗ 2110" маркалы автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы К.Нокин даңғылы мен Шернияз көшесінің қиылысында "ЗИЛ 130" маркалы жүк көлігіне жол бермеді. Екі көлік соқтығысқанда үш адам мерт болды.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы (19 жастағы қыз бен 62 жастағы әйел) оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, тағы екі жолаушы мен 1 жасар бала түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды сұрайды", - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1916724-aqtobede-zenil-kolik-pen-zuk-koligi-soqtygysyp-us-adam-qaza-tapty/

pixel