Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда қайықта ұйықтап қалған балықшы суға батып кете жаздады

Опубликовано:

Балықшы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылжарда қайықтың үстінде ұйықтап кеткен балықшы Есіл өзеніндегі плотинаның астына түсіп, батып кете жаздады деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Өзенде қайықпен балық аулап жүрген 37 жастағы қала тұрғыны қараңғы батқан соң, көзі ілініп кеткен. Қайықтың үстінде ұйықтап жатқан ер адамды нысанды күзетіп жүрген полицейлер байқап қалады.

Балықшы тәртіп сақшыларының дабыл қаққанына оянбаған, сондықтан полицейлер плотинаның шлюздарын көтеріп жібереді. Қайық бөгетке барып соғылады. 

Құтқарушылардың айтуынша, су қоймасының қақпасы ашық болса, балықшы су иіріміне түсіп, батып кетуі әбден мүмкін.

"Су торабына жақындап келе жатқан қайықты байқадық қайық ішінде адам жатты. Жедел түрде құтқару қызметкерлеріне операторға ескерттік жедел түрде оператордан шандорларды көтеруін сұрадық. Көтерген жағдайда қайық келіп шандорларға тоқтады", - дейді СҚО полиция департаменті екінші полиция батальонының полицейі Рауан Қабдуллин.

"Полиция қызметкерлері мені уақытылы байқап қалған. Мен мінген қайық төменге өтіп кетпес үшін тез арада шлюздерді көтеріпті. Сауатты және жылдам әрекеттері үшін алғысым шексіз. Бұл менің екінші туған күнім болды, көп рахмет", - дейді балықшы Леонтий Пруделюк.

А. Құрманкин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1916730-soltustik-qazaqstanda-qaiyqta-uiyqtap-qalgan-balyqsy-suga-batyp-kete-zazdady/

pixel