Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Австрияда алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейде ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Санкт-Петербургта жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аса ірі интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы Қазақстан азаматы ұсталған.

"Фонтанка" порталының хабарлауынша, Қазақстан азаматы екі жыл бойы іздеуде жүрген. Оны австриялық құқық қорғаушылар интернет-алаяқтығы үшін іздестірген.

Басылым 7 маусым күні қазақстандықтың Санкт-Петербургтағы қонақ үйлердің маңында жергілікті интерпол қызметкерлерінің қолына түскенін хабарлады.

Күдікті ұсталған адамдар отыратын ғимаратқа жеткізілген. Ал іздеу салған австриялық полицейлерге хакердің ұсталғаны туралы хабар берілген.

Басылымның дерегінше, күдікті австриялық банктерге вирусы бар хат жіберіп, соның көмегімен ақша аударымдарын бақылап отырған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 2013 жылдың басынан бастап ол Австрияның 192 азаматын жалпы сомасы 1,2 млн еуросынан айырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916731-baq-avstriyada-alayaqtyq-zasady-degen-kudikke-ilingen-qazaqstandyq-reseide-ustaldy/

pixel