Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID19: Елімізде 80-нен астам нысанның қызметі уақытша тоқтатылды

Опубликовано:

Тұрғын
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Карантин режимін бұзғаны үшін 80-нен астам нысанның қызметі уақытша тоқтатылды деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми сайтында.

Комитеттің мәліметінше, карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істеуі, шектеу режимін сақтамау, бұқаралық іс-шараларды өткізу секілді бірқатар шектеу режимін бұзу оқиғалары тіркеліп отыр.

Осы жылдың 1 қаңтары мен 5 маусымы аралығында мониторинг топтары 97 885 рейд жүргізіп, 603 352 нысанды тексерген.

Аталмыш шаралардың нәтижесінде 16 493 нысанның (2,7%) карантин талаптарын бұзғаны анықталды. Шектеу режимін бұзу оқиғалары негізінен Шығыс Қазақстан (4052), Түркістан (2600), Алматы (1023) облыстарында және Алматы (2264), Шымкент (1743) қалаларында анықталған.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,4 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,9 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден асады.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің бір өңірінде карантин талаптары жеңілдетілетінін жазған едік. Нақтырақ айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысында 9 маусымнан бастап көптеген нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігі елдегі карантиндік шектеулер қашан жеңілдетілетінін айтып бергенін жазған болатынбыз.

Министрлік шектеулерді жеңілдету үшін бірқатар шарттар орындалуы қажет екенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916746-covid19-elimizde-80-nen-astam-nysannyn-qyzmeti-uaqytsa-toqtatyldy/

pixel