RU

Отандық блогердің соққыға жығылғаны қаншалықты рас: Полиция түсініктеме берді

Ұялы телефонға тыйым
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда блогерді тонап, соққыға жыққан күдіктілер ұсталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Алмалы аудандық полиция басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, отандық блогер Валерий Кудрявцевті тонағандар анықталып, қолға түскен.

Ведомство күні бойы жедел және арнайы іс-шаралар кешені өткізілгені, соның арқасында екі күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабардар етті.

Күдіктілер - Алматы облысы, Іле ауданының тұрғындары.

Екеуі де жұмыссыз, 2002 жылы туған азаматтар болып шықты.

"Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелерді сатқан орын анықталып жатыр. Яғни, жәбірленушінің ұялы телефоны", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Айта кетейік, осыған дейін желіде, басылым беттерінде белгісіз біреулер блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Валерий Кудрявцев түрлі жағдайларға шағымданатын әртүрлі кейіпкерлерді видеоға түсіріп, насихаттайды. Олар Қазақстанның қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916764-otandyq-blogerdin-soqqyga-zygylgany-ras-pa-policiya-tusinikteme-berdi/