Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртанов ісі: Сот Тоқаевты куәгер ретінде шақырудан бас тартты

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бүгін Нұр-Сұлтандағы онлайн сот отырысында Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі шілде айының ортасына дейін ұзартылды. Сондай-ақ, судья сотқа Қасым-Жомарт Тоқаевты куәгер ретінде шақыруға қатысты шешім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін қорғаушы тарап экс-денсаулық сақтау министрі Біртановтың ісі бойынша сотқа куәгер ретінде президент Тоқаевты шақыруды сұраған еді.

Адвокат мемлекет басшысы электронды денсаулық сақтау жүйесіне арналған платформаның жұмысқа қабілеттілігін растайтынын мәлімдеген болатын.

Біртанов дәл осы жобаны жүзеге асыру барысында қаржыны ысырап етті деген күдікке ілінді. Айыптаушы тарап платформаның жұмысқа қабілетсіз екенін айтып отыр.

Бүгін сот бұл мәселеге қатысты шешім шығарды. Судья Ақмарал Исаева аталған отырыста соттың Біртановтың кінәлі немесе кінәсіз екенін қарастыратын құзіреті жоқ екенін, өйткені тек үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту мәселесі қаралатынын мәлімдеді.

"Сот қорғаушылардың Тоқаевты куәгер ретінде сотқа шақыру мен премьер-министрге ұсынысхат жіберу туралы өтінішінен бас тартады. Тергеу соты күдіктінің кінәлілігі немесе кінәсіздігі мәселесін қарауға және дәлелдемелердің жарамдылығын бағалауға құқылы емес. Сот бұл дәлелдерді қорғаушы тарап күдіктіні қорғауды қадағалаушы органдардың, тергеу органдарының алдында көтеруге құқылы деп санайды", - деді судья.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916795-sot-birtanov-isinde-toqaevty-kuager-retinde-saqyrudan-bas-tartty/

pixel