RU

Қарағанды облысы "сары" аймақ өтті: Өңірде карантин шаралары қашан жеңілдетіледі

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Өңір бүгіннен бастап "сары" аймаққа өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Қарағанды облысы "қызыл" аймақтан шықты.

Өңірде өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 142 жаңа жағдайы тіркелді. Індеттен 264 адам сауығып шықты.

Осыған байланысты қазақстандықтардың арасында Қарағанды облысында карантин шаралары қашан жеңілдейді деген сұрақ туындады.

Бұған Қарағанды облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады Қазақпарат.

"Карантин шараларын өзгерту бір аймақтан екінші аймаққа көшкеннен кейін жеті күннен ерте жүргізілмейді", - деді ведомство.

Қазіргі уақытта "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана тұр.

Сары" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары орналасқан. Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916826-qaragandy-oblysy-sary-aimaq-otti-onirde-karantin-saralary-qasan-zenildetiledi/