Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Елордада жүргізіліп жатқан іс-шаралардың арқасында коронавирусты жұқтыру көрсеткіші тұрақталып келеді. Сырқаттанушылық деңгейі баяу төмендеп жатыр. Соңғы үш аптада осы көрсеткіш орташа есеппен 10-19 пайызды құрады. Алайда коронавирус жұқтырғандардың нақты саны қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды көрсетіп отыр. Ал қала әлі де "қызыл аймақта" тұр", - деді Бейсенова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі кезде күніне коронавирус жұқтырған 70-200 адам анықталып жатады. Ал жыл басынан бері ПТР-тестпен расталған жағдайдың саны 38 мыңнан асты.

"Мамыр айының басымен салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда апталық сырқаттанушылық деңгейі 210 науқастан 110 адамға дейін төмендеді. Бір аптаның ішінде 1 315 жағдай тіркелді. Сырқаттану деңгейі алдынғы аптадан 18 пайызға төмен. Алдынғы аптада 1 617 жағдай тіркелген болатын", - деп атап көрсетті Бейсенова.

"Науқастардың 47,3 пайызы адам көп жиналатын жерге барғанын айтты, 0,8 пайызы көпшілік шараларды өткізуге атсалысқан. Ал 29,9 пайызы үйде жүріп, сақтық шараларын сақтамағаннан кейін ауырып қалған", - деді Бейсенова.

Бүгінде коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған 4 116 адам медициналық бақылауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916828-nur-sultannyn-bas-sanitar-darigeri-epidemiologiyalyq-zagdai-turaly-aitty/

pixel