Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің кей қалаларында интернеттің істен шығу себептері белгілі болды

Опубликовано:

Ноутбуктегі бойжеткен
Көрнекі фото: pixabay.com

Байланыс операторы Қазақстанның бірқатар қаласында интернеттің істен шығу себептерін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақтелеком" АҚ ұсынған мәліметке сәйкес, сағат 11.00-де интернет қызметтерін ұсынуда қысқамерзімді ақаулар орын алған. Бұған жабдықтың жұмыс алгоритмдерін оңтайландыру жұмыстарын жүргізу себеп болды деп хабарлады мекеме.

"Бұл процесс серверлік жабдықтың техникалық параметрлерін жақсартуға, сондай-ақ желінің сыйымдылығын кеңейтуге байланысты орын алды. Жұмыс Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе қалаларындағы екі техникалық түйіндерде жүргізілді, ал қысқамерзімді ақаулар Қазақстан бойынша байқалды", - деп хабарлады компания.

Сондай-ақ, компания абоненттерден мәжбүрлі ақаулар орын алғаны үшін кешірім сұрады. Сол арада Beeline Қазақстан елімізде байланыс пен интернеттің тұрақты жұмыс істеп жатқанын алға тартты.

"Білуімізше, "Қазақтелеком" желісінде техникалық жұмыстар жүргізілген, сондықтан бұл жайт "Қазақтелекомның" интернет байланысын қолданатын интернет-ресурстарының қолжетімділігіне әсер еткен болуы мүмкін", - деп хабарлады Beeline Қазақстан.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі де бұл жағдайға түсініктеме берді.

"Интернеттің қысқамерзімді істен шығуы орын алды. Бұған "Қазақтелекомның" өз желісіндегі жабдықтың жұмыс алгоритмін оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізгені себеп. Бұл жұмыстар серверлік жабдықтың техникалық параметрлерін жақсартуға және желінің сыйымдылығын кеңейтуге бағытталған. Қазіргі уақытта ақаулар жойылды, интернет штаттық режимде жұмыс істейді", - деп хабарлады министрлікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916835-elimizdin-birqatar-qalalarynda-internettin-isten-sygu-sebepteri-belgili-boldy/

pixel