Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 9 адамды қарақұрт шағып алды

Опубликовано:

Өрмекші
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте токсикологтар дабыл қақты. 9 күнде оларға қарақұрт шаққан 9 адам түскен деп хабарлайды Otyrar.kz.

Мәселен, қарақұрт Ихвалбек Ихсановты түнде шағып алған. Содан кейін ер адам өзін тым нашар сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Айтуынша, ол Өзбекстан азаматы. Қазір Шымкентте құрылыста жұмыс істейді. Күн қатты ысыған кезде далада ұйықтайтынын жеткізді.

"Түнде аяқ астынан менің тіземді өрмекші шағып алды. Қатты ауырды, барлық жерім ауырды. Тез арада жедел жәрдемге хабарластым, мені алып кетті", - дейді Ихвалбек.

Бұл жағдайға токсиоклогтар да алаңдаулы. Өйткені, қалада қарақұрт көбейген. Соңғы 9 күнде дәрігерлерге 9 адам жүгінген.

Өрмекшілердің уы уытты әсерге ие. Сол себепті, зардап шеккендерде қатты ауырсыну пайда болып, әсіресе, кеуде қуысы, іші мен белі ауырады. Көбінесе пациенттер ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түседі.

"Әдеттегідей, түнгі уақытта, адамдар далада ұйықтаған кезде шағады. Науқастар негізінен Құрсай, Ақжар, Қайтпас аудандарынан түседі. 9 адамның алтауы қазір ауруханада жатыр. Қалған үшеуінің жағдайы қанағаттанарлық, үйлеріне шығардық", - дейді гипербариялық оксигенация орталығының токсикология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарушы Марат Кәкенов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте үй ішіне кіріп кеткен жыландар тұрғындардың үрейін ұшырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916844-symkentte-9-adamdy-qaraqurt-sagyp-aldy/

pixel