Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауруханаға барып, халықпен тілдесіңіз": Нығматулин денсаулық сақтау министріне шүйлікті

Опубликовано:

Цой
Фото: qysqasoz.kz

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин елімізде халыққа медициналық қызмет көрсетудің қандай деңгейде екенін білу үшін денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға аудандық ауруханаға баруға кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алексей Цой мәжілісте өткен үкіметтің 2020 жылға арналған республикалық бюджетті пайдалану жайлы есебін талқылауға қатысты.

Денсаулық сақтау министрі медициналық статистиканы жариялап, халыққа медициналық қызмет көрсету деңгейі туралы айтты.

"Құрметті министр мырза, сізге халықтың алдына шығатын уақыт келді. Адамдармен санитарлық дәрігердің қаулысы арқылы сөйлесуді доғару керек.

Ауруханаға, әсіресе, аудандық ауруханаға барыңыз. Сонда кезекте тұрған адамдармен тілдесіңіз. Осылай медициналық қызметтің сапасы жайлы біраз нәрсе білетін боласыз. Мына айтқан сандарыңыз көңілден шықпайды, жұмысыңыз жайлы да біраз нәрсе білетін боласыз", - дейді мәжіліс спикері.

Оның сөзінше, денсаулық сақтау жүйесі коронавирус пандемиясына байланысты үлкен жүктемеге тап болды, алайда ес жинайтын уақыт келді.

"Тек Орталық коммуникациялар қызметінде тілдесуді доғару керек. Қағазбен келіп, суфлердан оқисыз, журналистердің бірқатар сұрағына жауап та бермей кетесіз. Барып, адамдармен сөйлесіңіз, біз кім үшін жұмыс істейміз? Олар бізді сайлайтын адамдар ғой, парламент те келісім берді (денсаулық сақтау министрі етіп тағайындауға- ред).

Сондықтан, сайлаушылармен жолығып, олардың медицина қызметінің сапасын қаншалықты бағалайтынын білу керек. Ел билігі, парламент сізді қолдады. Сізге қажетті қаражатты бөлді, жұмыс істейтін уақыт келді", - дейді Нұрлан Нығматулин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916855-auruxanaga-baryp-xalyqpen-tildesiniz-nygmatulin-densaulyq-saqtau-ministrine-suilikti/

pixel