Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық жігіт автобуста қара нәсілді шетелдікке тиіскен: Видеоға қатысты полиция пікір білдірді

Опубликовано:

Алматылық
Видеодан кадр: facebook.com/makhiyanov

Әлеуметтік желіде алматылық жігіттің қоғамдық көлікте қара нәсілді шетел азаматына тиісіп, бейәдеп сөздер айтқан видеосы пайда болды. Алматы полициясы бұл жайтқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазбаны Искандер Махиянов есімді Facebook қолданушысы жария еткен.

"Бүгін Алматы қаласында 118 автобуста жексұрын оқиғаның куәсі болдым. Абай даңғылындағы аялдамалардың бірінде қара нәсілді шетелдік жігіт мініп, менен екі метр артта отырды. Бірер аялдамадан кейін ол тездетіп автобус жүргізушісіне барды. Оның артынан шалбарының түймесі ағытылған, көзі құтырған ұлты азиат жігіт барып, "Негір" деп айқайлады", - дейді Искандер.

Ер адамның сөзінше, шетелдік автобус жүргізушісінен көмек күтпеген. Қара нәсілді жігіт жазба авторының жанына отырған кезде оған тіл тигізген ер адам қарама-қарсы отырып, шетел азаматына тиісуін жалғастырған.

"Азиат жігіт қарама-қарсы отырып, оған бірге-бір шыққысы келетінін бұрмаланған ағылшын тілінде түсіндірмек болды. Осы кезде оның аузынан сілекейі ағып отырды", - деп жазды алматылық тұрғын.

Жазба авторы қазақстандықтың шетелдікпен "әңгімесі" қалай аяқталғанын білмейтінін, автобустан ертерек түсіп қалғанын айтады.

Осы ретте жазбаға Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынасары Рүстем Әбдірахманов пікір білдірді. Ол аталған фактінің расымен де тексерілуі тиіс екенін жазған. Сондай-ақ, ол өзінің нөмірін қалдырып, толығырақ ақпарат алу үшін жазба авторына өзімен байланысқа шығуын өтінген.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі осы дерек бойынша фигуранттардың жеке басын анықтау және заңға сәйкес одан әрі шаралар қолдану үшін тексеру шаралары жүргізілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ведомство полицияға аталған факті бойынша шағым түспегенін атап өтті.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916882-almatylyq-zigit-avtobusta-qara-nasildi-seteldikke-til-tigizd-policiya-pikir-bildirdi-video/

pixel