Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардағы кәсіпорында жұмысшының үстіне балқыған металл төгіліп кетті

Опубликовано:

жұмысшы
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда жазатайым оқиға салдарынан қаладағы кәсіпорындардың біріндегі темір оюшы қайтыс болды. Ер адамға шөміштен балқыған металл төгіліп кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Агенттіктің мәліметінше, оқиға 8 маусым күні болған.

"Ауруханаға термиялық күйік алған адам түсті. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының өкілі Эльмира Темірғалиеваның хабарлауынша, жедел жәрдем түнде шақыртылған.

Күйік шалған азамат №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Төртінші дәрежелі күйік (денесінің 90 пайызын күйік шалған) диагнозы қойылған 1989 жылы туған ер адам таңғы 5:15-те қайтыс болған.

Облыстың еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов марқұм "Кастинг" ЖШС-нің металл кескіші болғанын айтады. Апат шөміштен ыстық металдың төгілуі салдарынан болған.

Қапановтың сөзінше, бұл төтенше жағдайға кім кінәлі екенін тексеріс анықтайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін 3 маусым күні Атырау облысы Қарабатанда салынып жатқан газхимия кешеніндегі "BazisConstruction" ЖШС-нің 23 жұмысшысы асханада түскі астан уланып қалғанын жазған едік.

Пациенттерге алдын ала тағамдық токсикоинфекция диагнозы қойылған. Уланғандардың ең кішісі 20 жаста болса, ең үлкені 49-да.

Аталған факті бойынша 304-баптың 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916919-pavlodardagy-kasiporynda-zumyssynyn-ustine-balqygan-metall-togilip-ketti/

pixel