RU

Тоқаев адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: facebook.com/Берік Уәли

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы қабылдаған жарлықтың мәтінін назарларыңызға ұсынамыз:

Адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының үкіметі:

1) Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:

  • БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
  • адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
  • мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
  • әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
  • бірлесу бостандығына құқық;
  • пікір білдіру бостандығына құқық;
  • адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;
  • үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
  • адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;

2) Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;

3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;

4) осы жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

2. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916927-toqaev-adam-quqyqtary-salasyndagy-odan-ari-saralary-turaly-zarlyqqa-qol-qoidy/