Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев: Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру КВИ-мен күресуге көмектеседі

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Оңтүстік астана әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеранасындағы кезекті тікелей эфир барысында қаланың денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру және коронавирус эпидемиясының таралуын болдырмауға бағытталған жобалар туралы айтып өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында бүкіл қала бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қадамдық қолжетімділікті анықтайтын жүйе құрылды. Жүйе учаскелік дәрігерлер науқастарын аралау кезінде өз пациенттеріне жете алмайтын аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді. Осы ақпараттың негізінде салынатын жаңа емханалар мен ауруханалардың медициналық қызметтерінің қадамдық қашықтығы ескеріліп, жобаланады" ,- дейді әкім.

Оның айтуынша, пандемия кезінде жеке сектордың қатысуымен қала коронавирус эпидемиясының таралуын болдырмауға бағытталған жаңа жобаларды жедел жүзеге асырды. Мысалы, ұялы байланыс операторларының деректері негізінде адамдар көп жиналатын орындардың сараптамасы жасалды, ауруханалардың 1С жүйесіне тікелей интеграцияланған дәрі-дәрмек қозғалысының мониторинг жүйесі енгізілді, медициналық құрылғылардың жұмыс мәртебесін анықтайтын жоба жүзеге асты.

Сондай-ақ пандемия кезінде телемедицина орталығы арқылы коронавирус жұқтырған науқастарды бақылайтын толыққанды жүйе іске асты. Алдағы уақытта осы тәжірибені созылмалы аурулары бар қалалықтарды қолдау үшін пайдалану жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916928-sagyntaev-densaulyq-saqtau-zuiesin-cifrlandyru-kvi-men-kuresuge-komektesedi/

pixel