RU

"СК-Фармация" ісі: Сотта Жандарбек Бекшиннен жауап алынды

Жандарбек Бекшин
Фото: Алматы әкімдігің баспасөз қызметі

"СК-Фармация" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісіне қатысты онлайн сот отырысында куәгер ретінде Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин сөз сөйледі. Ол жеке қорғаныс заттарының тапшылығы жөніндегі сұрақтарға жауап берді. Айыптау тарабы дәл осы ЖҚЗ тапшылығы мен Берік Шәріптің белгілі бір ЖШС қызығушылығын лоббилендіруі еліміздегі медицина қызметкерлерінің жаппай ауру жұқтыруына алып келді деп есептейді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Комиссияның анықтамасына сәйкес, орталық клиникалық аурухана мен қалалық инфекциялық балалар ауруханасында жеке қорғаныс заттары мен бетперделердің тапшылығы орын алған. Медициналық маскалардың орнына құрылыс маскалары жеткізілген. Бұл жоғарыда аталып өткен мекемелердегі ауру жұқтырудың бір себебі болып табылады. Оның себептері көп болды. Сонымен қатар, мониторинг наркоорталық пен медициналық көмек станциясынан да жеке қорғаныс заттарының тапшылығын анықтады. Алайда, станция бойынша анық-қанығына көз жеткізу керек. Ұжым заттар жеткіліксіз деді. Бірақ, тексеріс кезінде обаға қарсы костюмдер жетерлік болып шықты. Басқа медициналық мекемелерде жеке қорғаныс заттары жеткілікті болды", - деді Бекшин 2020 жылдың сәуір мен мамыр аралығы жайында.

Оған қоса, Бекшиннен бұл уақыт аралығында медицина қызметкерлерінің жаппай ауру жұқтыруына не себеп болғанын сұрады.

"Себептер алуан түрлі. Барлық жаппай жұқтыру жайттарын жіті зерттедік, оашқтарға да бардық. Бұған көбіне ұйымдастырушылық тәртіп бойынша дайын болмау себеп болса керек. Өйткені, "қызыл" және "жасыл" аймақтар барлық жерде бірдей болған жоқ. Легтердің таралымы дұрыс болмады, дезинфекция бойынша да ескертулер болды. Жеке қорғаныс заттарын кию мен шешу бойынша да ескертулер айтылды. Басты себептердің бірі жеке қорғаныс заттарының тапшылығы. Бұл жайт әсіресе орталық клиникалық аурухана мен балалар ауруханасында орын алды. Медициналық маскалардың орнына құрылысқа арналған бетперделер қолданылды", - деді Бекшин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916929-sk-farmaciya-isi-sotta-zandarbek-beksinnen-zauap-alyndy/