Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жалған еуро сатқан бұрынғы банк қызметкерлері сотталды

Опубликовано:

Еуро
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте жалған еуро сатты деп айыпталған бұрынғы банк қызметкерлеріне сот үкімі шықты деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің дерегінше, банк филиалының бір маманы өзінің туысының сұрауы бойынша 6 мың жалған еуроны ақшалай сыйақыға алған. Соның 4 мыңы сатылған. 

Телеарнаның мәліметінше, 4 мың еуроны екінші деңгейлі банктердің бірінің бес қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы үш клиентке өткізіп жіберген.

Бүгінде қаржылық құйтырқылыққа жол бергендердің қылмысы дәлелденген. Олардың әрқайсы бес жылдан жаза арқалаған. Ал жалған қаржыны ұсынған азаматқа іздеу жарияланған.

А. Төребекқызы

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитеті Шымкентте банк қызметкерлері жалған еуро сатты дегене күдікке ілінгенін хабарлаған еді.

Одан бөлек, Ұлттық банк елімізде қандай банкноттар жиі қолдан жасалатынын хабарлаған болатын.

Ұлттық банктің банкноттар мен монеталар сараптамасы басқармасының бастығы Асхат Әбішевтің сөзінше, осы жылдың бірінші тоқсанында жиі қолдан жасалған ақша – номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар болған.

Жалған банкноттардың дені Алматыда дайындалса, ең азы Қызылорда мен Жамбыл облыстарында анықталған.

Жалпы 2021 жылдың қаңтар-наурызы аралығында Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 237 жалған ақша белгісін (236 банкнот және 1 монета) анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916946-symkentte-bank-qyzmetkerleri-zalgan-euro-satqany-usin-sottaldy/

pixel