jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Министр: Қазақстанда сәбіз тапшылығы болуы мүмкін

Сәбіз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде сәбіз тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында сөз сөйлеген сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сәбіз бойынша картоптан да қиын жағдай қалыптасты. Қазіргі уақытта отандық өнім қоры жыл басымен салыстырғанда бес есе төмендеді. Бұл ретте жыл сайын Қазақстанда сәбіз өндірісінің жетіспеушілігі байқалады, бұл қажеттіліктің 5-6 пайызы", - дейді сауда министрі.

Оның айтуынша, негізгі тапшылық сәуірден шілдеге дейінгі кезеңге келеді, оны Қазақстан Өзбекстаннан қымбат импорт есебінен толтыруға мәжбүр.

"Бұл ретте Өзбекстанда да сәбіз бағасы жыл басынан бері 55%-ға өсті. Сәбіз бойынша өңірлер де қорлардың жеткілікті көлемін қалыптастырған жоқ – тұрақтандыру қорларында бар болғаны 258 тонна сақталуда. Сәбіз бойынша форвардтық сатып алу қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 5,7 мың тоннаны құрайды, оның 73%-ы тек Алматы қаласына тиесілі", - дейді Бақыт Сұлтанов.

Айта кетейік, соңғы аптада елімізде картоп бағасы күрт қымбаттап, 1 келісі 400 теңгеден сатылып жатқаны белгілі болған еді.

Мәселен, осыдан бір апта бұрын келісі 250-270 теңге тұрған картоп Атырау мен Ақтөбеде 400 теңгеден сатылып жатса, Семейде сәбіздің құны келісіне 500 теңгеге өскен.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қоймаларынан картоптың 1 келісін 200 теңгеден сатып жатыр. Ал қалған 200 теңгені делдалдар немесе ірі сауда дүкендері өздері қосып отыр.

Министр: Қазақстанда сәбіз тапшылығы болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.