RU

Маңғыстау облысында өлі қабылан табылды (видео)

қабылан11
Фото: instagram.com/sakendildakhmet

Әлеуметтік желіде өлі күйінде жатқан қабыланның фотосы мен видеосы пайда болды. Жазбада кадрлардың Маңғыстау облысында түсірілгені айтылған. Осыған байланысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өлі күйде жатқан қабыланның видеосын экобелсенді Сәкен Ділдахмет өзінің Instagram парақшасында жариялады. Оның айтуынша, бұл өңірде тіркелген екінші жағдай.

Алғашқысы 2015 жылы болған екен. Сол кезде жыртқыш Жаңаөзенде жергілікті тұрғынның қолынан өлген.

"2021 жылы қабылан (ортаазиялық түрі) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді. Өкініше қарай, бұл Маңғыстау облысындағы екінші факті. Егер жыртқыштың өліміне адам кінәлі болса, онда құқық қорғау органдары кінәлінің жеке басын анықтау үшін барлық шараны қабылдауы керек", - деп жазды Сәкен Ділдәхмет.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспсөз хатшысы Самал Ибраева пікір білдірді.

Оның дерегінше, қабыланның не себепті өлгенін анықтау үшін Ақтаудан шамамен 300-350 шақырым жерге арнайы топ аттанған.

"Өлі қабыланды жергілікті тұрғындар 9 маусым күні шамамен сағат 22:00-де Манашы табиғи мемлекеттік қорығы аумағындағы Күйкентау жерінен тапқан. Бұл туралы Қызылсай мемлекеттік табиғи паркінің басшылығы хабарлады", - дейді министрліктің баспасөз хатшысы.

Ол толығырақ ақпарат барлық мән-жай анықталған соң берілетін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917010-mangystau-oblysynda-oli-qabylan-tabyldy-tabyldy-video/