Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да 28 жастағы полицей жол апатынан қаза тапты

Опубликовано:

полиция көлігі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Орал-Ақсай тас жолында жол апатынан 28 жастағы полиция қызметкері қаза тапты деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның дерегінше, жол апаты 9 маусым күні сағат 19:45 шамасында Орал - Ақсай тас жолының 225-шақырымында болған.

1993 жылы туған "Ваз-2110" көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылған. Ол түрлі дене жарақттарымен ауруханаға жеткізілген, алайда сол жерде көз жұмған. Марқұм патрульдік полицияның облыстық батальонында қызмет еткен.

Жол апаты кезінде оның жанындағы болған екі жолаушы зардап шекпеген.

"Басшылық пен Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің жеке құрамы қайтыс болған қызметкердің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады", - дейді ведомстводан.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345- бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске салайық, осыған дейін Қарағанды ​облысында полицей жол апатынан қаза тапқанын хабарлаған едік.

Тергеу мәліметтері бойынша, Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі Қарағандыға ​​бағыт алып келе жатқанда көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан ол 35 жастағы тәртіп сақшысы басқарған ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан ВАЗ жолаушылары - 30 жастағы полицей мен 46 жастағы облыс тұрғыны ауыр жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1917037-bqo-da-28-zastagy-policei-zol-apatynan-qaza-tapty/

pixel