Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық маман: Балаларға вакцина салу қажеттігі туындауда

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгінде көптеген елде балаларға вакцина салу мәселесі қаралып жатыр, ал кейбірі бастап та кеткен. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева онлайн брифинг барысында айтты деп хабарлайды BAQ.KZ.

Профессор елімізде балалар арасында коронавирус жұқтырып, сырқаттану жағдайы артқанын алға тартып отыр. Осыған байланысты балаларға да коронавирусқа қарсы екпе салу мәселесі туындағанын назарға салды.

"Пандемия басталғанда балалар мен жасөспірімдер коронавируспен ауырмайды, оларда жеңіл өтеді деп айтылған болатын. Қазір керісінше балалардың ауыратыны, тіптен ауыр өтетіні туралы деректер бар.

Сондықтан балалардың ағзасына екпе салып, зерттеу мәселесі қолға алынып жатыр. Бұл зерттеу жұмыстары қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Зерттеу кезінде ерікті балалар таңдап алынып, соларға екпе салынады, ол зерттеу жоқ дегенде жарты жыл көлемінде өтуі мүмкін", - дейді Егембердиева.

Маманның айтуынша, қазір көптеген елде балаларға вакцина салу мәселесі қаралып жатыр, ал кейбірі бастап та кеткен.

"Ресейде шығарылып жатқан үш вакцинаны да балаларға салуға болады деп отыр. Зерттеу жүргізген соң біз де балаларға вакцина салуды ұсына аламыз деген ойдамын", - деді профессор.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилердің коронавирус жұқтыру жағдайы алаңдатып отырғаны туралы жазған едік.

"Бізді 1 жасқа дейінгі сәбилер мен мектеп жасындағы балалардың ауру жұқтыруы алаңдатуда. Аудандарда да жағдай күрделеніп барады", – деген еді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917046-otandyq-maman-balalarga-vakcina-salu-qazettigi-tuyndauda/

pixel