Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

Опубликовано:

Құдайбергенов
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Алматы экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Емберген Құдайбергенов келді деп хабарлайды Қаржылық мониторинг жөніндегі агенттіктің ресми сайты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Жанат Элимановтың бұйрығымен Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына Емберген Сәкенұлы Құдайбергенов тағайындалды.

Емберген Құдайбергенов еңбек қызметін 1997 жылы ішкі істер органдарында бастады.  

Әр түрлі жылдары қаржы полициясы органдарында, ҚР ІІМ-нің Қарағанды академиясында, мемлекеттік мүлікті басқару органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысы бойынша ЭТД-нің басшысы лауазымында қызмет еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917077-almatyda-ekonomikalyq-tergeu-departamentinin-bassysy-tagaiyndaldy/

pixel