RU

"Кенеттен пайда болуы мүмкін": Алматылық профессор жаңа эпидемия туралы айтты

Сынамалар
Көрнекі фото: Amilcar Orfali/Getty Images

Алматылық профессор жаңа эпидемия мүмкіндігі жайлы айтты. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Равиля Егембердиева індет кенеттен пайда болуы мүмкін деп есептейді.

"Мұндай жағдай әлемнің кез келген елінде кенеттен пайда болуы мүмкін. Мысалы, қазір біз COVID-19 инфекциясымен күресіп жатырмыз, ал оған дейін Африкада Эбола вирусы пайда болған еді. Ол да жарғанаттармен байланысты болды. Ал оған дейін Зика безгегі әбігерге түсірді. Бұрыннан танымал вирустың қалайша тез тарағаны түсініксіз. Ал оның алдында, 2009 жылы H1N1 шошқа тұмауының вирусы тарады",- деді профессор.

Оның айтуынша, бұрын Азияда құс тұмауының жаңа нұсқалары үнемі пайда болып отырған, олар адамдар үшін патогенді болған.

Ал құс тұмауының заманауи штамы әзірге адамнан адамға берілмейді. Алайда, мұндай штамм алдағы уақытта адам популяциясында пайда болып, таралуы әбден мүмкін. Сондықтан жаңа вирустардың туындау мүмкіндігін теріске шығаруға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917087-kenetten-paida-boluy-mumkin-almatylyq-professor-zana-epidemiya-turaly-aitty/